8 тамыз — Бұқаралық велошеру

8 тамыз — Бұқаралық велошеру

08 Тамыз 2026

Құрметті елорда тұрғындары мен қонақтары!

8 тамыз күні Астана қаласында Спорт күніне орай, салауатты өмір салтын насихаттау және бұқаралық спортты дамыту мақсатында «Заң мен тәртіп» идеологиясы аясында бұқаралық велошеру өтеді.

📝 Қатысушыларды онлайн тіркеу 5 тамыз күні сағат 09:00-де reg.elordasport.kz сайтында басталып, белгіленген қатысушылар саны толық тіркелгенге дейін жалғасады.

👥 Қатысушылар саны – 700 адаммен шектеледі.

🎟 Тіркелген қатысушыларға лотерея билеттері 8 тамыз күні 07:00-ден 08:30-ға дейін іс-шара өтетін жерде беріледі.

🚴 Велошерудің басталуы: сағат 09:00.

📍 Өтетін орны: «Астана орманы» жасыл белдеуі, Қосшы – Үркер бағыты.

🚴‍♂️ Қашықтығы: 21 шақырым.

✅ Қатысу тегін.

🎁 Іс-шара соңында қатысушылар арасында 10 велосипед ойнатылады.

Іс-шара Астана қаласы әкімдігінің, Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасының және Астана қаласы әкімдігінің «Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясы» КММ-нің ұйымдастыруымен өтеді.

Баршаңызды бұқаралық велошеруге қатысуға шақырамыз!

Спорт мерекесіне бірге қатысып, белсенді өмір салтын қолдап, бұқаралық спортты бірге дамытайық!

Жарыстар және тіркелу

Бұқаралық велошеру

Сөре: 09:00

Орындар: 0 / 700

Тіркелу: 05.08 09:00 — 07.08 23:59

Тіркелу жабылды